Мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді.
— Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, — делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысында сарбаз көз жұмғанын жазғанбыз. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 18 жастағы мерзімді әскери қызметші Аягөз қаласының орталық аудандық ауруханасында бактериалды менингиттің гипертоксикалық түрінен қайтыс болды.