Мешіт қызметкерлері түзеу абақтысындағы жазасын өтеушілермен кездесті

АҚТАУ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ақтаудағы облыстық Бекет ата мешітінің қызметкерлері ГМ 172/6 түзеу абақтысындағы жазасын өтеушілермен кездесті.
None
None
Түрмедегілерді теріс пиғылды жат діндердің ықпалынан сақтап, ислам дініне бағыттау және имандылық, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ай сайын осындай мекемелерде имамдармен басқосулар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ГМ 172/6 түзеу мекемесінің негізгі міндеті ? дертке шалдыққан жазасын өтеушілерді емдеу. Бүгінде мұнда 550 адам бар. 20-сы сәждеге бас қойып, намаз оқитын болған. Кездесуде оларға адам бойындағы адамгершілік қасиеттер мен имандылық туралы уағыздар айтылып, ислам діні жайында мағлұмат берілді. Жазасын өтеп жатқандардың да ой-пікірлері тыңдалып, сауалдарына жауаптар берілді. Басқосу соңында мешіт қызметкерлері мұсылман діні және имандылық тақырыбында шыққан түрлі басылымдарды тарту етті.
Соңғы жаңалықтар