Мешіттен Құран кітабын ұрлап кетті - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі мешіттен белгісіз біреу қасиетті Құран кітабын ұрлап кетті. Естіген елдің жағасын ұстатар оқиға Ворошиловка елді мекеніндегі Акмаль Салих мешітінде болған.

Тақия киіп, тақуа секілді кірген азамат еш жасырынбастан Алла үйінің төрінде тұрған қасиетті кітапты алып шығып кеткен. Оның бұл әрекеті мешіт ішіндегі бейнекамераларға түсіп қалған. Оқиға жұма күні кешкі сағат 7 шамасында болған. Мешітке кірген адам тіке барған күйі бірден төрдегі үлкен Құран кітабын алып тайып тұрған. Қарап шығу 3

Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, Меккеде басылып шыққан Құран-кәрімнің құны кемінде 60 мың теңге тұрады екен. Жас шамасы 25 пен 30 жас арасындағы адам Шымкенттік мешіттерді жиі жағалайды екен.

Тіпті, мешіт жанындағы сатушылардың бірі өзін Болат деп таныстырған осы азаматтан нарық бағасынан әлдеқайда қымбат бағаға араб елінде басылған бірнеше Құран кітабын сатып алғанын айтады. Соған қарағанда бұл азамат киелі дүниелерді ұрлап-сатуды кәсіп еткен болуы мүмкін. Қазір полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды otyrar.kz.

Соңғы жаңалықтар
telegram