Мессенжерде экстремистік жазба таратқан қызылордалық әйел 3 жылға сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында алауыздықты тудыратын жазба таратқан тұрғынға сот үкімі шықты.

мессенжер
Фото: Pexels

Қызылорда облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді.

Аталған шара барысында деструктивті діни ағым ұстанушысы, қала тұрғыны 31 жастағы әйел Telegram месенджері арқылы экстремистік материалдарды таратқаны анықталды. 

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен азаматша кінәлі деп танылды.

Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада адамдарға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталған еді. 
 

Соңғы жаңалықтар