Месси футболдан әлем чемпионатының басты фавориттерін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының басты фавориттерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Месси футболдан әлем чемпионатының басты фавориттерін атады

«Аргентина үздік сегіз құраманың қатарында болғанына қуаныштымын. Біз футболдан мықты елдер қатарында екенімізді тағы бір мәрте дәлелдей алдық. Жанкүйерлер бізді әрдайым солай бағалайды. Әлем чемпионатындағы өзге ойындарды да бақылап отырмыз. Турнир басталғаннан Бразилия өте жақсы ойнап жатыр. Олар Камеруннан жеңілгеннен кейін де фавориттер қатарында қалады. Ал Франция, Испания құрамалары да жанкүйерлер көңілінен шықты», - деді Лионель Месси журналистерге берген сұхбатында.

Еске салсақ, бүгін, 5 желтоқсанда Жапония мен Хорватия, Бразилия мен Оңтүстік Корея құрамалары ойнайды.

Сондай-ақ 6 желтоқсанда Марокко мен Испания, Португалия мен Швейцария жасыл алаңға шығады.


ФОТО: ГОЛУБОВИЧ ДМИТРИЙ, «ЧЕМПИОНАТ»