Мессидің үйлену тойы болып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина астанасынан 300 шақырым жердегі Росарио қаласында атақты футболшы Лионель Месси мен Антонелла Рокуццоның үйлену тойы өтуде, деп хабарлайды bbc.com.

Мессидің үйлену тойы болып жатыр

Мессидің туған қаласындағы салтанатты мейрамханаға 260 қонақ шақырылды, олардың қатарында әлемдік футбол жұлдыздары мен басқа да танымал тұлғалар бар.

Жергілікті БАҚ  өкілдері таратқан мәліметтерге қарағанда, Диего Марадона мен Мессимен бірге жұмыс істеген жаттықтырушылар, Пепе Гвардиола үйлену тойына шақыру алмаған.

Үйлену тойын бірнеше жүздеген тәртіп сақшылары күзетуде. Салтанатты шара жайлы ақпарат таратуға 150 журналист аккредитациядан өткен.

Айта кетейік, Месси мен Антонелла Рокуццо бала күндерден бері жақсы таныс. Қазір «Барселона» футбол клубының 30 жастағы шабуылшысы мен оның 29 жастағы қалыңдығының екі ұлы бар.

Лионель Месси қазіргі заманның үздік футболшыларының бірі және ең атақты аргентиналық ойыншы.