Meta Трампқа 25 миллион доллар төлейді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Meta (Facebook) және Instagram иесі Марк Цукербергпен ескі кикілжіңге байланысты заңды келісімге келді. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Meta Трампқа 25 миллион доллар төлейді
Коллаж: Associated Press/Alex Brandon/David Zalubowski

Meta Дональд Трампқа АҚШ президентінің әлеуметтік желідегі аккаунттарын бұғаттау туралы сот ісін реттеу үшін 25 миллион доллар төлеуге келісті. Қаражат президенттік кітапхананы қолдауға бағытталады.

Meta 2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолийдегі тәртіпсіздіктерден кейін Facebook және Instagram-дағы әлеуметтік желілердегі аккаунттарын бұғаттап тастағаны үшін АҚШ президенті Дональд Трамп компанияны сотқа берген, компания онымен заңды дауды шешу үшін 25 миллион доллар төлеуге келісті.

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, келісім шарттарына сәйкес, 22 миллион доллар президент кітапханасының қорына түседі, ал қалғаны сот шығындарына жұмсалады.

Америкалық БАҚ компания басшысы Марк Цукербергтің соңғы уақытта өз корпорациясын жаңа әкімшіліктің ықтимал соққысынан қорғау үшін Трамппен қарым-қатынасты жақсартуға тырысып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Дональд Трамп АҚШ-та TikTok-қа тыйым салуды талап ететін заңның орындалуын 75 күнге кейінге қалдыратын жарлыққа қол қойды.

Сондай-ақ, Демократиялық партияның бас прокурорлары АҚШ президенті Дональд Трамптың туа біткен азаматтықты алып тастау туралы жарлығына байланысты сотқа шағым түсірді.

Соңғы жаңалықтар