08:38, 20 Қаңтар 2011 | GMT +5
Металлургия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 1,6 есеге өсті - БҚО
ОРАЛ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2010 жылы металлургия өнеркәсібінде 4276,1 млн. теңгенің өнімі өндірілді,

бұл алдыңғы жылғыдан 1,6 есеге артық.
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, сорғы-компрессорлық тұрбалар 1,8 есеге, ұнтақталған шар өндіру 3 пайызға өсті.
Облыста бір жылда 3961,9 млн. теңгенің дайын металл өнімдері шығарылды, бұл да 2009 жылғыдан 31,2 пайызға көп. Сондай-ақ 3637,9 млн. теңгенің басқа металл емес минералдық өнімдер өндіріліп, бұл алдыңғы жылғыдан 75,2 пайызға ұлғайды. Тауарлы бетон өндіру 47,3, құрылыс қоспасы 32,8 пайызға артты.
Тоқыма өнеркәсібіндегі өнім көлемі 183,9 млн. теңгені құрап, 2009 жылғыдан 145,3 пайызға өсті. Сонымен қатар 263,5 млн. теңгеге киім тігіліп, 23,2 пайызға көбейді. Әсіресе, жұмыс киімі - 39,2, сыртқы әйелдер киімі 6,3 пайызға артты.