14:54, 27 Ақпан 2010 | GMT +5
Металлургтер қаласы Теміртауды үлкен өзгерістер күтіп тұр
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтың қатысуымен Теміртауда өткен актив отырысында қаланың даму бағдарламасы ұсынылды.
«Биылғы жылы біздер Теміртауда Қазақстан магниткасының 50 жылдығын атап өтеміз және қала толықтай үлкен өзгерістерге ұшырайтын болады», - деп мәлімдеді аймақ басшысы. Облыс әкімі металлургтер қаласын абаттандыру бағдарламасын іске асыру үшін мол қаражат бөлініп жатқанын айтты.
Теміртаудың мерейтойына орай бірқатар әлеуметтік нысандар ашу жоспарланған: Неке сарайы, балабақшалар және т.б. Салтанатты іс-шаралар күрделі жөндеуден кейін жаңартылған Металлургтердің мәдениет сарайында өтеді деп күтілуде.