METRO компаниясы ҚР Президентіне инвестициялық жобаны таныстырды

деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
METRO стендінде компания, сауда орталықтары, өзіндік сауда маркасымен шығарылған өнімдер туралы, сондай-ақ кәсіби көтерме сауда форматының басымдықтары мен ерекшеліктері туралы ақпараттар ұсынылған.
«Мемлекет басшысына өз инвестициялық жобаларын таныстыруға шақырылған үш компания-инвесторлардың бірі болу біз үшін үлкен мәртебе. Жобаны іске асыруда жергілікті мемлекеттік басқару органдарының көрсетіп отырған қолдауын біздер бағалаймыз», - деді Қазақстан METRO компаниясының бас директоры Стивен Кригер.
Жалпы алаңы 11 000 шаршы метр болатын және азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың 25 000 атаулы түрлері бар METRO алғашқы көтерме сауда орталығының Қазақстанда ашылуы Астана қаласында 2009 жылдың соңына жоспарланып отыр. Бұл ретте, 90 пайызға дейінгі барлық өнімдерді жергілікті жеткізіп берушілер қамтамасыз ететін болады.
Компания «Астана-Қарағанды» трассасы мен Төлебаев көшесінің қиылыстарында орналасқан көлемі 5 гектар жер телімінде алғашқы сауда орталығының құрылысын бастап та жіберді. METRO жергілікті құрылыс компанияларын тартады және осылайша қосымша 150-200 жұмыс орындарын құратын болады.