Мэттью Сейгерс: Қазақстан алдағы 20 жылда өзін жақсы жағынан көрсетеді деп ойлаймын
АСТАНА. KAZINFORM — S&P Global компаниясының энергетика жөніндегі орынбасары Мэттью Сейгерс Астана халықаралық форумында Қазақстан экономикасының әртараптану қарқыны туралы пікір білдірді.

— Қазақстанда не болып жатқанын көріп отырмыз. Қазақстан қазір бағытын өзгерте бастады. Бұл ел бұрынғыдан әлдеқайда терең өңдеу өнеркәсібіне күш салып жатыр. Бұл елде бәрі қосылған құн тізбегі, мұнай-газ экономикасы, әртараптану сияқты мәселелерді айтып жүр. Қазақстан кейінгі 30 жылда өзін өте жақсы ұстады деп ойлаймын, — деді ол.
Сондай-ақ, Қазақстанның адами капиталына да жоғары баға берді.
— Қазақстан алдағы 20 жылда да өзін жақсы жағынан көрсетеді деп ойлаймын. Халықтың саны бар, білім мен интеллектуалдық капитал бар. Бұл 30 жыл бұрынғы Қазақстан емес. Одан бері үлкен қозғалыстар болды. 30 жыл ішінде қол жеткізген трансформациямен құттықтағым да келеді, — деді Мэттью Сейгерс.
Айта кетейік, елордада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр. Бұған дейін Энергетика министрінің орынбасары Әлібек Жамауов Астана халықаралық форумында Қазақстанның энергетика саласындағы саясаты туралы мәлімет берді.