Мэй Brexit-тен кейін ЕО азаматтары құқықтарын қамтамасыз етуге уәде берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда тұратын ЕО азаматтары Brexit-тен кейін британдықтармен тең құқылы болуы керек деді,Тереза Мэй Брюссельде өткен ЕО саммитінде, деп хабарлайды Росбалт.

Мэй Brexit-тен кейін ЕО азаматтары құқықтарын қамтамасыз етуге уәде берді

«Ешкімнің құқығы шектелмейді», - деді Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй. Ұлыбританияда бес жыл өмір сүрген ЕО азаматтарына денсаулық сақтау, білім алу, жәрдемақы және зейнетақы алуда британдықтармен тең дәрежелі құқық беріледі. Германияның канцлері Ангела Маркель Мэйдің осы сөзін «жақсы бастамаға» балады, деп жазды Reuters агенттігі.

«Тереза Мэй бізге Ұлыбританияда бес жыл өмір сүрген ЕО азаматтарының құқықтары толықтай сақталатындығын айтты. Бұл жақсы бастама», -  деді Маркель журналистерге ЕО саммиті барысында.

Бұл ретте Ангела Маркель Brexit-ке қатысты «күрделі мәселелердің әлі деп көп» екендігін, оның ішінде Ирландияға қатысты қаржылық мәселелердің барын тілге тиек етті. «Сол себепті келесі қазан айында өтетін ЕО саммитіне дейін көп мәселені шешуіміз керек», - деді Маркель.