«Мейірім» қорының балалары Елбасымен не жайында сөйлесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мейірім» ерікті қоғамы» қорын құрушы Аружан Саин қайырымдылық кеші кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтқан балалар туралы толығырақ айтып берді.
None
None

Қайырымдылық кешінде Мемлекет басшысымен бірге суретке түскен бүлдіршіндер қажетті оталар жасалып жарық дүниенің қызығын ұзақ көруге мүмкіндік алып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев қайырымдылық қорына қаржы бағыттап жедел түрде отаға мұқтаж 29 баланың өмірін сақтап қалды.
Еске сала кетсек, бұл 2015 жылы болған еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығының қаражатын «Мейірім» ерікті қоғамы» қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорына (әрқайсысына 300 мың доллардан) бөліп берді.

Ауыр сырқатты жеңген балалар уақыт өткен соң Президентке жеке өз аттарынан және аталмыш қаражат денсаулығын оңалтуға септігі тиген бүлдіршіндер атынан алғыстарын білдірді.

«Біздің жеті жасар Чарос Тахировамыздың көмейінде рак болды. Өкінішке орай Қазақстанда оған қажетті жәрдем бере алмады. Оған 17 мәрте ота жасалды, алайда папилломдар өсе берді, ол дауысын жоғалтып, тыныс алуы қиындай түсті. Дем алу мүмкін болмаған кезде оған трахиостома қойды. Бұл - тыныс алу үшін көмейге жасалатын хирургиялық тілік. Чаросты Кореяда емдеді, оған бірнеше ота жасалып, курстан өтті. Қазір ол сөйлей алады, тыныс алуы жақсарды. Ол сауығып кетудің алдында тұр, - деп жазды Аружан Саин әлеуметтік желідегі парақшасында. - Оның оталарының біріне және басқа балалардың емделуіне қаржыны қорға Елбасы аударды. Бүгін ол Мемлекет басшысына өзі рахмет айтады».

Тағы да бір бүлдіршін ол - алты жасар Шериаздан Асфендиар. Оның миында ісік болған. Оған Түркияда ота жасалып зақым келген мидың бөлігі алынып тасталған. «Ол Чароспен бірге Президентке жолығады. Оған барлық балалардың атынан алғыс білдіреді. Астана әкімінің жаңажылдық кешіне келгендердің барлығына рахмет айтамын! Сіздердің билеттеріңіздің ақшалары біздің қордың балаларына көмекке келеді», - деп жазды «Мейірім» қорының жетекшісі.

Соңғы жаңалықтар