Мейрам Қажыкен Ақтөбедегі медицина университетінде кездесу өткізді

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбеде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері және профессор-оқытушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасай отырып.

Кандитат алғашында өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Содан соң қатысушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Олар негізінен әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жоспарына қызығушылық танытты.

Ақтөбе мемлекеттік медицина институты 1957 жылы 1 қыркүйекте ашылды. Бүгінгі таңда университетте барлық білім беру бағдарламалары (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура, докторантура), екі мұражай, екі клиника, медицина орталығы, электрондық кітапхана бар. Университет өзінің жеке газеті мен ағылшын тіліндегі журналын шығарады.

Сондай-ақ университет құрылған сәттен бастап, мұнда кәсіподақ жұмыс істейді. Оның құрамына қызметкерлер кәсіподағы мен студенттер кәсіподағы кіреді. Олар БҚМУ сайтында көрсетілгендей, ректоратпен бірге университеттің барлық ұжымы мен студенттерінің әлеуметтік қорғалуына үлес қосып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар