09:55, 02 Қараша 2022 | GMT +5
Мейрам Қажыкен Семей медициналық университетінде болды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Семей медициналық университетінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасай отырып.

Аталған университет Павлодар мен Өскеменде өз ауруханасы мен филиалдары бар елдегі ең ірі медициналық жоғары оқу орындарының бірі. Нысан 1953 жылы құрылған.
Резидент дәрігерлер және профессор-оқытушылармен кездесуде кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Бұған дейін Мейрам Қажыкен «Семей инжиниринг» зауытының жұмысшыларымен кездескенін хабарлаған едік.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.