Мейрамбек Қартбай Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

БІШКЕК. KAZINFORM – Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Еркін күрестен 57 келі салмақта ел намысын қорғаған Мейрамбек Қартбай қола медаль иегері атанды.

Қола
Фото: Olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Мерйамбек кіші финалда қытайлық балуанды 7:2 есебімен жеңген. 

Турнир барысында отандасымыз Өзбекстан балуанынан басым түсіп, жартылай финалда жапондық спортшыдан жеңілген еді. 

Айта кетелік, Ақтөбе күрес мектебінің түлегі Мейрамбектің бұл – құрлықтық біріншіліктегі алғашқы жүлдесі. 

Соңғы жаңалықтар