17:02, 03 Шілде 2025 | GMT +5
Мейрамханадан шыққан өрт ауыздықталды
АСТАНА.KAZINFORM — Елордалық өрт сөндірушілер Есіл ауданына қарасты Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан мейрамханада тұтанған өртті толық сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

— Нақтыланған мәліметтер бойынша Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан мейрамхананың ас бөлмесінде табадағы май жанған. Өрт сөндіруге қою түтін мен тары жолдың бойына қойылған автокөліктер аздап кедергі келтірді, — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы Есіл ауданына қарасты Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан мейрамханада өрт шыққанын жазған едік.