Мейрамхананың қабырғасын қақырата кірген жүргізушіні ызаға булыққан адамдар соққыға жықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Үндістанда Харьян штатындағы Ямуна Нагар қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға пайда болды. Бұл ролик - жұртшылыққа танымал мейрамхананың іші-сыртында орналастырылған екі бақылау камерасының біріктірілген түсірілімі.
Кадрдан кездейсоқ бұрыштан шыға келген көлік жүргізушісінің рульді басқара алмай қалғаны анық көрінеді. Жүргізуші қоғамдық орынға қирата кірді. Сол жерде тұрған бір адам құдай сақтап, аман қалды.
Көлік мейрамхананың асханасын бұзып өтті. Іште оқыс оқиға кезінде ондаған адам болған. Көлік үстелдерді, адамдарды соғып өтіп, қабырғаға тіреле тоқтады.
Жүргізуші қызметкерлер алдында ақталмаққа әрекет жасап еді. Оның сөзіне құлақ аспаған ашулы жандар салонға кіріп, жүргізушіні қызыл ала қан қылды. Бұл мас жүргізушіге қайталанбас сабақ болғандай.