Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша 2023 жылдың орта салмақтағы үздік боксшысы атанды. Kazinform бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов
Фото: Sports.kz

Бұл туралы Доминикан Республикасында өткен WBO конвенциясында айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мейірімнің келесі жекпе-жегі қазан айына жоспарланғаны хабарланған болатын.

Ал бұған дейінгі жекпе-жегі сәуір айында Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтті. Ол жапондық Кадзуто Такесакомен (16-1-1, 15 КО) жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, WBO International титулын қорғаған болатын.

Айта кетейік, BoxRec.com сайтының нұсқасы бойынша М.Нұрсұлтанов қазақстандық боксшылар рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамастан көш бастап тұр.

Соңғы жаңалықтар