Мейвезер Макгрегормен айқасқаны үшін 100 млн доллар алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Невада штатының атлетикалық комиссиясы америкалық боксшы Флойд Мейвезер мен ирландиялық боксшы Конор Макгрегордың Лас-Вегастағы айқас үшін төленетін ақының көлемін жариялады. Бұл жайлы ТАСС агенттігі хабарлады.
None
None

40 жастағы Мейвезер мен 29 жасар МакГрегор арасындағы 69,8 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі бокс ережесі бойынша 12 раундтан тұратын жекпе-жек 27 тамыз күні Лас-Вегастағы «Ти-Мобайл» аренасында өтеді.

Мейвезердің ресми сыйақы көлемі 100 млн долларды құрайды, ал Макгрегордікі - 30 млн доллар. Бұл сома кепілдендірілген. Спортшылар оны жекпе-жек нәтижесі қалай аяқталатындығына қарамастан ала алады. 

Соңғы жаңалықтар