08:43, 22 Қыркүйек 2017 | GMT +6
Ми-2 тікұшағы апаттық жағдайда қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Тянь-шань» авиакомпаниясының Ми-2 тікұшағының қатты қонғанын хабарлайды.
Комитеттің Фейсбуктегі парақшасында жарияланған ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға бүгін 22 қыркүйекте болған. Әуе көлігі апатында экипаждың барлық мүшелері аман қалған.
Айта кетерлігі, «Тянь-Шань» әуекомпаниясы Алматыға жақын маңдағы әуеайлақта әуе көлігімен ұшу және парашютпен секіру қызметтерін ұсынады.