Мичиган штатындағы шіркеудегі атыстан 4 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Гранд-Бланк қаласындағы шіркеуде болған атыс пен өрт салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Aljazeera

Мичиган штатындағы шіркеудегі атыстан 4 адам қаза тапты
Фото: Aljazeera

Полиция шіркеуде оқ жаудырған қылмыскерді атып өлтірді. Кейін күдіктінің аты-жөні анықталды.  

Гранд-Бланк полициясының басшысы Уильям Регниердің айтуынша, күдікті көршілес Бертон қаласының 40 жастағы тұрғыны Томас Джейкоб Санфорд. Ол оқиға орнына келген полиция қызметкерлері атқан оқтан қайтыс болған.

Полиция басшысы оқ жаудырған күдіктінің үйінде тінту жүргізілетінін және тергеушілерге қылмыстың себебін анықтауға көмектесу үшін телефон жазбалары қаралатынын хабарлады.

АҚШ полициясының мәлімдеуінше, қылмыскердің оғынан 4 адам қаза тауып, 8 адам жараланған.

Детройттегі алкоголь, темекі, атыс қаруы және жарылғыш заттар бюросының арнайы агенті, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тергеушісі Джеймс Даре күдіктінің бензинмен шіркеуді өртеп жібергені анықталғанын жеткізді.

Айта кетейік, АҚШ-та бар маңында атыс болып, үш адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар