Мичурин мектебі жаңа автобусқа ие болды ? Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Мичурин селосының мектебі жаңа автобусқа ие болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Балаларға 25 орындық көлікті Павлодар ауданының әкімі Төлеген Бастенов есеп беру жиналысында ата-аналар тарапынан айтылған өтінішті орындай отырып, табыс етті.Мичурин орта мектебінде жақын маңдағы үш ауылдың балалары оқиды. Оқушылар саны көбейген сайын, шағын «ГАЗель» көлігі тар бола бастады. Енді балалардың барлығына орын жетеді, жаңа мектеп автобусы кең әрі жайлы, балаларды сабаққа алып келіп, сабақтан кейін үйлеріне жеткізіп салуда.
Соңғы жаңалықтар