Михаил Кравец Барыста тағы бір жыл қызмет атқарады

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейлік маман Михаил Кравец «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметін жалғастырады.

Михаил Кравец «Барыста» тағы бір жыл қызмет атқарады
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

— Команда Михаил Кравецпен келісімшарттың ұзартылғанын ресми түрде хабарлайды. Маманмен жасалған келісім 2027 жылдың 31 мамырына дейін есептелген. Оның жетекшілігімен «Барыс» тұрақты чемпионатта Шығыс конференциясында оныншы орын алып, соңғы үш маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Сондай-ақ, бірқатар қазақстандық хоккейші өз ойын деңгейін мен нәтижесін айтарлықтай жақсартты, — деп жазылған хабарламада.

Михаил Кравец 1963 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында 1982-2001 жылдары Ресей, АҚШ клубтарында ойын көрсетті.

Бапкерлік қызметінде Ресей, Қытай клубтарында және Беларусь құрамасында еңбек етті. 

2025 жылдан бері «Барыс» командасына жетекшілік жасап келеді.

Соңғы жаңалықтар