Михаил Кукушкин АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 215-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Кукушкин бірінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 235-сатыда тұрған аргентиналық Николас Кикермен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті.

Михаил екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте тағы бір брейкпен алға кетті. Алайда Н.Кикер таразы басын теңестірді – 4:4. Тай-брейкте Николас сәтті ойнай білді – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда қазақстандық спортшы 3:0 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк – 4:0. Бұдан кейін Н.Кикер матчты жалғастырудан бас тартты.

Екі сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин 3 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

М.Кукушкин іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 124-ракеткасы, испаниялық, биыл 39-ға толатын Фернандо Вердаскомен кортқа шығады.

Ф.Вердаско алғашқы ойынында рейтингте 162-орындағы италиялық Джанлука Магерді жолдан тайдырды – 7:6 (7:5), 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар