08:37, 09 Шілде 2023 | GMT +5
Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында өнер көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хиллс (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 240-ракеткасы, америкалықТеннис Сандгренмен ойнады.
М.Кукушкин 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 24 минутқа созылған матчта ол 2 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 1 брейкпен ерекшеленді.
М.Кукушкин финалда әлемнің 219-ракеткасы, тағы бір америкалық Стив Джонсонмен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын жас теннисші Даниал Рахматуллаевтың Тегерандағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың финалына шыға алмады.
Уимблдонда Елена Рыбакина төртінші айналымға шықты.