Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 296-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 256-ракеткасы, жапониялық Юта Шимизумен шеберлік таластырды.

Бірінші партияда жапониялық теннисші басымдылық танытты – 6:4.

Екіншісінде М.Кукушкин есе қайырды – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Михаил 3:1 есебімен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Екі сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 3 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Михаил Кукушкин финалға шығу үшін әлемнің 259-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен таласады.

Қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде қазақстандық теннисші 271-сатыға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде әйелдер арасында финалға шыққан теннисшілер анықталғанын жазған едік.

Сондай-ақ Аружан Сағындықов Таиландтағы турнирдің жартылай финалына шықты.

Андрей Голубев Германиядағы турнирдің финалына шыға алмады.

Новак Джокович жетінші рет Ролан Гаррос турнирінің финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар
telegram