Михаил Кукушкин ATP 250 турнирінде жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Ханчжоу қаласында екі қазақстандық өзара бақ сынасты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабар таратты.
Тәжірибелі Михаил Кукушкин (112 ATP) Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченконы (58 ATP) 6:4, 7:6 (7:5) есебімен ұтты.
Карен Хачанов пен Бу Янчеокоте кездесуінің жеңімпазы Михаилдың келесі қарсыласы болмақ.
Бұған дейін кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық спортшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын шығарған болатын. Михаил Кукушкин сегіз орынға шығып, 112-орынға табан тіреді. Александр Шевченко бір позицияны жоғалтып, 58-ші орынға тұрақтады.
Осыған дейін 6-13 қазан аралығында Астанада үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты өтетінін хабарладық.
Чемпионатқа Азияның барлық үздік ойыншылары қатысады. Алдағы Азия чемпионатында 26 елден барлығы 210 спортшы өнер көрсетеді деп жоспарланған. Атап айтар болсақ, Бахрейн, Гонконг, Үндістан, Иордания, Иран, Йемен, Катар, Қытай, Қытайлық Тайпей, КХДР, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Таиланд, Өзбекстан, Филиппин, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Жапония және Қазақстан спортшылары өзара мықтыны анықтайды.