Михаил Кукушкин Бахрейндегі жарысты сәтті бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 231-ракеткасы Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер турнирін сәтті бастады.

Михаил Кукушкин Бахрейндегі жарысты сәтті бастады
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 174-ракеткасы, чехиялық Далибор Сврчинамен өткізді.

Михаил Кукушкин қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Сағат жарымға созылған бәсеке барысында ол 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Д.Сврчина 4 эйс жасағанымен, 7 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады.

М.Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 158-ракеткасы, швециялық Элиас Имер немесе рейтингіде 181-сатыдағы швейцариялық Александр Ришардың біреуінен өтуге тырысып көреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Дохада жарыс жолынан шығып қалғанын жазған болатынбыз.

Александр Бублик Роттердамда 12 эйс жасап, екінші айналымға өтті.

Соңғы жаңалықтар