Михаил Кукушкин Бахрейндегі жарыстың ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер жарысының ширек финалына шықты.

Кукушкин
Фото: ktf.kz

Дүниежүзілік рейтингіде 231-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 181-ракеткасы, швейцариялық Александр Ришармен шеберлік таластырды. 

М.Кукушкин бір сағат 40 минутқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол эйс жасамағанымен, 5 брейк-пойнттың екеуін құр жіберген жоқ. А.Ришар екі рет эйске қол жеткізгенімен, 7 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады. 

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 103-ракеткасы, италиялық Фабио Фоньини немесе рейтингіде 187-сатыдағы иорданиялық Абедалла Шелбайхтың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дохада қарсыласын ойсырата ұтып, 1/8 финалға өткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар