09:18, 29 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Михаил Кукушкин Брисбенде негізгі жарысқа жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 113-ракеткасы Михаил Кукушкин Брисбен (Аустралия) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 168-орында тұрған корт иесі Тристан Скулкейтпен бақ сынасты.
М.Кукушкин 6:4, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті.
Бір сағат 37 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 6 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Т.Скулкейт 5 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Осылайша, негізгі жарысқа жолдама алған Михаил Кукушкиннің келесі қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның жаңа маусымды Брисбенде бастайтынын жазған болатынбыз.