Михаил Кукушкин Франциядағы турнирде қарсыласын камбэкпен ұтты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 110-ракеткасы Михаил Кукушкин Кемпер (Франция) челленджер турнирінің 1/8 финалына шықты.

Кукушкин
Фото: Sports.kz

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 129-орында тұрған словакиялық Йозеф Коваликке қарсы келді.

Словакиялық спортшы матчты сәтті бастады – 7:6 (7:3).

Дегенмен бұдан кейін Кукушкин камбэк жасап, таразы басын аудара білді – 6:3, 6:4.

Екі сағат 18 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 9 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын құр жіберген жоқ. Ковалик 9 эйс жасағанымен, 6 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады. 

Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 183-ракеткасы, франциялық Титуан Дрогемен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеевтің Португалиядағы жарыстың іріктеу сайысын сәтті өткізгенін жазған болатынбыз.

Денис Евсеев Оэйраш челленджер турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 144-ракеткасы, тағы бір словакиялық Лукаш Клейнмен, Бейбіт Жұқаев рейтингіде 372-орындағы португалиялық Гаштау Элиашпен ойнайды.

Соңғы жаңалықтар