Михаил Кукушкин Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 111-ракеткасы Михаил Кукушкин Брессюир (Франция) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Жарыстың 6-ракеткасы М.Кукушкин екінші айналымда франциялық, әлемнің 156-ракеткасы Грегуар Баррерді ойсырата ұтты – 6:1, 6:3.
Бір сағатқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуінде мүлт кетпеді. Баррер 3 эйспен шектелді.
Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 199-орында тұрған ресейлік Алибек Качмазовпен таласады.
М.Кукушкин жуырда Алматы ATP 250 турнирінің іріктеу сайысында А.Качмазовты 6:1, 6:2 есебімен оңай жеңген еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Оңтүстік Кореямен ойнайтын Қазақстан әйелдер құрамасының анықталғанын жазған болатынбыз.
Александр Недовесов Базель турнирінде камбэк жасап, ширек финалға өтті.