21:18, 07 Сәуір 2023 | GMT +5
Михаил Кукушкин Испаниядағы жарыстың жартылай финалына өте алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 319-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкин Испанияның Мурсия қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 116-ыншы, осы жарыстың екінші ракеткасы, италиялық Маттео Арнальдимен шеберлік байқасты.
Бір сағат 12 минутқа созылған кездесуде италиялық спортшы 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
М.Арнальди 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. М.Кукушкин бір ғана брейкпен көзге түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Испаниядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.