Михаил Кукушкин Португалиядағы жарыста ресейлікті қапы қалдырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 195-ракеткасы Михаил Кукушкин Порту (Португалия) челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Михаил Кукушкин Португалиядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін рейтингіде 247-орындағы ресейлік Аслан Карацевпен өткізді.

Бірінші партияда тай-брейкте Кукушкин табандылық танытты — 7:6 (9:7).

Екінші сетте оған жеңіс үшін 1 брейк жеткілікті болды — 6:4.

Бір сағат 45 минутқа созылған бәсекеде Кукушкин 7 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Карацев 10 эйспен көзге түсті.

Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 232-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен таласады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 325-сатыдағы Денис Евсеев алғашқы айналымда әлемнің 227-ракеткасы, литвалық Эдас Бутвиласпен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президент кубогында Заңғар Нұрланұлының алғаш рет өнер көрсеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар