Михаил Кукушкин Президент кубогы турнирінің екінші айналымына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Михаил Кукушкин Астанада өтіп жатқан Президент кубогы үшін ATP Challenger Tour 50 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Photo: ktf.kz

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін ресейлік Евгений Тюрневпен өткізді.

М. Кукушкин қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін үндістандық Дигвиджай Сингх немесе жапониялық Рента Токуданың біреуімен таласады.

Тимур Мәуленов жекелей сында Польша өкілі Филипп Пеливоға есе жіберді - 6:7 (4:7), 1:6.

Тағы бір қазақстандық, 19 жастағы Арысланбек Айтқұлов іріктеу сайыстарының финалында үндістандық Калианда Пуначеге жол берді - 1:6, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің әлемнің 45-ракеткасы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Юлия Путинцева Гамбург турнирінде өнер көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар