Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турниріне жолдама алды

кукушкин теннис
Фото: instagram.com/kukushkin_mikhail

ПАРИЖ. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 135-ракеткасы Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 206-ракеткасы, Италия өкілі Франческо Маэстреллимен тартысты кездесуде жеңіске жетті.

М.Кукушкин қарсыласын 6:4, 6:7 (4:7), 6:3 есебімен ұтты.

Екі сағат 42 минутқа созылған бәсеке барысында Кукушкин 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Маэстрелли 11 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді.

Осылайша Михаил Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Германиядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар