Михаил Кукушкин Словакиядағы турнирдің 1/8 финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 110-ракеткасы Михаил Кукушкин Братислава 2 (Словакия) челленджер турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 151-орында тұрған бразилиялық Жуан Фонсеканың мысын басты.
Бірінші партияда Кукушкин 6:4 есебімен басым түссе, екіншісін Фонсека өз есебіне жазды – 7:5.
Шешуші, үшінші сетте қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды – 6:4.
Екі сағат 18 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 2 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Фонсека 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты пайдаланды.
Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін рейтингіде 196-орында тұрған франциялық Констан Лестьеннен өтуге тырысып көреді.
Қазақстандықтар Бейбіт Жұқаев пен Дмитрий Попко Шарлоттсвилль (АҚШ) челленджер жарысының алғашқы айналымында жеңіліп қалды.
Рейтингіде 185-сатыдағы Б.Жұқаев әлемнің 125-ракеткасы, америкалық Лернер Тиенге есе жіберді – 6:2, 4:6, 2:6.
Әлемнің 175-ракеткасы Дмитрий Попко рейтингіде 295-орындағы тағы бір америкалық Рейлли Опелкаға жол берді – 7:5, 1:6, 6:7 (1:7).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтік Париж мастерс турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.