Михаил Шайдоров ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM —  Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті.  

Михаил Шайдоров ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Фото: Ақорда

Президент XXV Қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, бапкері, жаттықтырушы-кеңесші Алексей Урмановты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

марапаттау
Фото: Ақорда
марапаттау
Фото: Ақорда

«Құрмет» ордені Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Әсем Қасановаға, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы Станислав Шайдоровқа, Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералыға табысталды. 

марапаттау
Фото: Ақорда

Айта кетелік Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттаған еді

Соңғы жаңалықтар
Референдум