00:35, 03 Қазан 2025 | GMT +5
Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM - Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада бірінші орын алды.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 95.01 ұпай жинап, жарыстың аралық көшбасшысы атанды.
ҚР ҰОК мәліметінше, екінші орынды Грузия спортшысы Ника Егадзе иеленді - 87.58 ұпай. АҚШ өкілі Джейсон Браун 86.61 ұпаймен үшінші нәтижені көрсетті.
Қазақстандықтар арасынан Диас Жиренбаев жетінші орынға табан тіреді (77.14), Никита Кривошеев - 16-шы (59.33), Олег Мельников - 17-ші орынға жайғасты (54.19).
Айта кетейік, еркін бағдарлама 4 қазанда өтеді.
Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалына еліміздің атынан кімдер қатысатынын жазған едік.