16:51, 15 Қараша 2025 | GMT +5
Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында 3-орын алды
АСТАНА. KAZINFORM — Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында Гран-при кезеңі басталды.
Жарыс аясында ерлер арасындағы жеке сырғанаудың қысқа бағдарламасы өтті.
Қазақстандық Михаил Шайдоров 89.67 ұпай жинады. Бұл нәтижемен ол аралық үшінші орынға табан тіреді.
Жапониялық Казуки Томоно бірінші орында - 95.77 ұпай. Екінші орында Франция спортшысы Кевин Аймоз - 93.56 ұпай.
Айта кетейік, Токиода XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары басталды.