Михаил Шайдоров Мемлекет басшысы мен барша қазақстандықтарға ризашылығын жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM - Мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өзіне қолдау білдірген барша қазақстандық азаматтарына алғысын білдірді.

Михаил Шайдоров
Фото: Сәл Сабыров

Отандасымыз Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жеңіс тұғырына көтерілді.

Бұл жөнінде спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.

- Құрметті достар! Сіздерге Миланнан сәлем жолдаймын. Маған қолдау білдірген барша отандастарыма ризашылығымды жеткізгім келеді. Сондай-ақ біздің дайындығымызға ерекше қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Еліміздің мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Бауыржан Ералыға кейінгі жылдары аталған спорттың дамуына сіңірген еңбегі үшін рақмет айтамын. Шын жүректен жарысқа дайындық барысында жауапты және ауыр кезеңде қасымда болған мамандар мен бапкерлерге ризашылығымыз шексіз. Менің жарысқа қатысуым барысында трибуна және көгілдір экран арқылы қолдау көрсеткен барша қазақстандықтар мен жанкүйерлерге ризашылығымды жеткізгім келеді. Сондай-ақ маған әлеуметтік желі арқылы қолдау білдірген азаматтар аз болған жоқ, - деді Михаил Шайдоров.

Михайил Шайдоров 2004 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Отандасымыз 2022 жылы жасөспірімдер әлем чемпионатында күміс алды.

Ол үшін өткен жыл табысты болды. АҚШ-тың Бостон қаласында ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс алса, төрт құрлық чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Ал Харбиндегі Азия ойындарында отандасымыз үздік үштікті түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум