18:46, 20 Ақпан 2025 | GMT +5
Михаил Шайдоров Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында уақытша бірінші орынға көтерілді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.

Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 94.73 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған ерлер арасындағы жеке сырғанауда турнир кестесінің көшін бастауға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, жеңімпаз бен жүлдегерлер 22 ақпанда өтетін еркін бағдарлама қорытындысы бойынша анықталады.
Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Азия ойындарында төртінші орын алғанын жазған болатынбыз.