«Микробизнес Қызылорда» жобасы аясында 339 млн.теңгенің 53 жобасы қаржыландырылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада «Микробизнес Қызылорда» жобасы аясында 339 млн.теңгенің 53 жобасы қаржыландырылды.
None
None

Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы мен оның жергілікті жердегі өкілдігі  «Сыр бойы» кәсіпкерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Сырбойы бизнес форумының» пленарлық отырысында айтты.

   Ол, «бүгінгі күні «Атамекен» ҰКП өңірдегі бәсекеге қабілетті  бизнес-климатты дамытуға және инвестиция тартуға  бағытталған жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта  құрамында 8000-нан астам мүшелері бар 123 республикалық және салалық қауымдастықтар (одақтар) Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген» дей келе, Сыр өңірінде де екі қауымдастық: «Сыр бойы» және «Жергілікті қамтуды дамыту» қауымдастықтарының аккредиттеуден өткендігін жеткізді.

    Форум жұмысында Палата басшысы қазір кәсіппен айналысамын деген кез келген азаматқа мемлекеттің жан-жақты қолдау көрсетіп отырғандығын  айтты. Кәсіпкерлер палатасының аудандағы Кәсіпкерлікті қолдау және қаладағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы 3 жылға жуық уақыт аралығында 14 000 субъектіге 29 мың кеңес берілгендігін мәлім етті. Қолдау бағытындағы жұмыстардың нәтижесінде  жалпы құны  шамамен бір миллиард теңгені құрайтын 164 жоба қаржыландырылған. Ерекше атап өтетін жайт, кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтердің барлығы тегін, ақысыз негізде жүргізіледі.

Әсіресе, қазіргі таңда қызылордалықтар арасында жоғары сұранысқа ие бағдарлама - "Атамекен" ҰКП мен Қызылорда облысы әкімдігінің бірлескен "Микробизнес Қызылорда" ілкі жобасы. Аталмыш бағдарлама аясында ауыл кәсіпкерлеріне несиелер тиімді шарттармен берілуде, бұл бағытта "Атамекен"  ҰКП-нан 300 млн.теңге, облыс әкімдігінен 360 млн.теңге қаржы бөлінген.

Бүгінгі күнге дейін «Микробизнес Қызылорда» жобасы арқылы барлығы 77 жоба мақұлданып, жалпы құны 339 млн.теңгені құрайтын 53 жоба қаржыландырылды. 

Соңғы жаңалықтар