«Мықты боксшы»: WBC президенті Жәнібек Әлімханұлы туралы айтты

Ташкентте өткен кәсіпқой бокс кеші аясында WBC президенті Маурисио Сулейман қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

Жәнібек туралы
Фото: Видеодан алынған кадр

«Мен Жәнібек Әлімханұлын білемін. Ол мықты боксшы. Мүмкін Жәнібек Джермалл Чарломен (WBC тұжырымдамасында орта салмақ бойынша қазіргі чемпион авт.) кездесіп қалар. Бокста GGG салған сара жолды жалғау үшін былғары қолғап шеберлерінің жаңа легі келері сөзсіз. Өйткені, Қазақстанда бокс өте жақсы дамыған», - деді Kazinform тілшісінің сауалына жауап берген Маурисио Сулейман. 

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксшы мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, оның барлығын жеңіспен аяқтады. Оның кейінгі кездесуі биыл 15 қазанда неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериге қарсы өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлына жаңа ұсыныс түскенін жазып едік. 

 

Соңғы жаңалықтар