Милад Карими — 2025 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Милад Карими еркін жаттығудан күміс медаль алды.

гимнастика
Фото: ҰОК

Сайыс барысында төрешілер тарапынан оған 14.400 балл берілді. Бұл Миладтың екінші орын алуына мүмкіндік туғызды. 

Милад Карими 1999 жылы дүниеге келген. 2023 жылғы әлем чемпионатында еркін жаттығудан қола жүлдегер болса, Азия чемпионатында бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлдегер атанды. 

Бірінші орынға 14.600 баллмен Карлос Юло (Филиппин) жайғасса, үздік үштікті 14.033 баллмен Мун Гын Ён (Оңтүстік Корея) түйіндеді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Дмитрий Патанин (13.833 балл) жүлдеге қол созымда қалды.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын алды. Құрлықтық додаға Қазақстан құрамасы тәжірибелі спортшыларды алып барды. Оған Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Тайбэй және басқа елдерден мықты гимнастшылар барды.

Соңғы жаңалықтар