Милад Карими Бакудегі әлем кубогы кезеңінде екінші медалін жеңіп алды

АСТАНА.KAZINFORM - Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды.

Карими
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз кермедегі жаттығуда екінші күміс жүлдесін жеңіп алды.

Финалда Карими төрешілердің шешімімен 15.033 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Тан Цзя-Хун (Тайбэй) 15.366 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Үздік үштікті Анхель Барахас (Колумбия) түйіндеді - 14.400 ұпай.

Ал Диас Тойшыбек 13.900 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығулар бағдарламасында күміс жүлдеге ие болған еді.

Сондай-ақ бүгін, 8 наурызда ат снарядындағы жаттығулар бойынша ақтық бәсеке өтті. Бұл жаттығуда Нариман Курбанов бесінші орын алса, Зейнолла Ыдырысов жетінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, қазақстандық жекпе-жек шебері UFC-де сенсация жасады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум