20:07, 22 Ақпан 2025 | GMT +5
Милад Карими гимнастикадан Әлем кубогында алтын жүлде еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Дүбірлі дода Германияның Котбус қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Милад Карими Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Еркін жаттығу бойынша финалда қазақстандық гимнаст 14.133 ұпай жинады.
Екінші орынды жапондық Кацуки Минами (13.666) иеленсе, үшінші орын италиялық Никколо Ваннуччиге (13.533) бұйырды.
Осыған дейін бүгін футболдан Қазақстан суперкубогында алматылық «Қайрат» елордада «Ақтөбеден» басым түсіп, суперкубок иегері атанғанын жазған едік.