Милан–Кортина Паралимпиадасы: қазақстандық спортшылар финалға өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов (8:27.9), Юрий Березин (9:49.9) мен Сергей Усольцев (10:00) пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасының іріктеу кезеңін еңсеріп, финалға жолдама алды. Бұл туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мәлім етті.
Аталған дисциплинада тұрып жарысатын спортшылар қатарында Александр Герлиц те сынға түседі.

Жарыстың тікелей эфирі Qazsport телеарнасында Астана уақыты бойынша сағат 14:50-де көрсетіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді.
Қазақстан құрамасы қысқы Паралимпиадада 22-орынға табан тіреді.