Миланның ауасы денсаулыққа зиянды — IQAir компаниясы
АСТАНА. KAZINFORM — Милан билігі швейцариялық IQAir компаниясының Милан ауаның ластануы бойынша әлемде үшінші қала деген қорытындысымен келіспейді, деп хабарлайды Еuronews.
Милан — Қытайдағы Чэнду мен Бангладештегі Даккадан кейінгі әлемдегі ең ластанған үшінші қала. Бұл туралы нақты уақыт режимінде ауа сапасын зерттеумен айналысатын швейцариялық IQAir жеке компаниясы хабарлады.
Оның мәліметінше, дүйсенбі күні ауада қатты бөлшектердің болуы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген шектен 24 есе жоғары болған.
Алайда Милан мэрі бұл рейтингтің сенімсіз екенін айтты. Биліктің айтуынша, ауаның сапасын жақсарту бағытында тиісті шаралар қолданылып, ауаны ластауға әкелетін зиянды қалдықтардан біртіндеп құтылу бойынша айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.